Қазақстан IT мамандарын даярлауға Google және Huawei компанияларымен ынтымақтаспақ

Қазақстан IT мамандарын даярлауға Google және Huawei компанияларымен ынтымақтаспақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 13:29 Сурет: pexels
Қазақстан Epam, Binance, Google, Huawei сияқты IT алпауыттарымен мамандар даярлауда ынтымақтасады. Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

TechOrda бағдарламасы аясында министрлік IT мамандығын меңгергісі келетін қазақстандықтар үшін ваучерлік жүйені пайдалана отырып, озық жеке IT мектептерінде оқыту мүмкіндігін қарастырды. Қазірдің өзінде бағдарлама бойынша 2000 адам оқудан өтіп, 450 мың теңге жалақы алатын лауазымдарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

"Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық еліміздің адами капиталының дамуына да оң әсер етеді. Яғни, Epam, Binance, Google, Huawei сияқты алпауыт компаниялармен бірігіп, Coursera сияқты білім беру курстарын таратамыз. Осы бағыттағы жұмысты қолдағаны үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымды білдіремін. Осы үрдісті нығайту үшін 1 желтоқсаннан бастап біз IT мұғалімдерін даярлаудың дәл осындай тетігін енгіземіз".Бағдат Мусин

Білім сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін біз IT факультеттері үшін тиісті сапа стандарттарын енгізуді бастадық.

"Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, облыстық білім беру ұйымдарындағы IT факультеттеріне тиісті аудит жүргіземіз. Бұл жұмысты жандандыру үшін жергілікті әкімдіктер өңірлердегі IT-жоба мектептеріне қолдау көрсетіп, бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет".Бағдат Мусин
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: