Қазақстанда онлайн дауыс беруді сұрайтын алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Интернет алаяқтық, онлайн дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 09:16 Сурет: pixabay
Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Пайдаланушыларға белгілі бір байқауда балаға немесе танысына дауыс беру өтініші бар хабарлама мен сілтеме жіберіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған сілтемеге өткен адамдарға телефондағы барлық аккаунты бағынбай қалады, оған бөтен біреу иелік етеді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Мұндай алаяқтықтан өз-өзіңізді сақтау үшін кім жіберсе де, күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Егер танысыңыз сізді қандай да бір сайтқа кіруге шақырса да, есіңізде болсын – оның аккаунтын біреулер бұзып кірген болуы мүмкін", делінген хабарламада.

Осындай алаяқтық схема Ресейде де бар екені ескертіледі.



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: