Twitter ақылы болуы мүмкін
Суре: wikimedia
X (бұрынғы Twitter) басшысы Илон Маск әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін ақы алатынын айтты. X-те қазірдің өзінде қолданушыларға ұзақ хабарламалар жазуға және іздеу нәтижелеріндегі аккаунттың басымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ақылы жазылым бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәсіпкер "боттар армиясымен" күресу үшін компания "азғантай төлем" енгізетінін айтты. Маскке қолданушылар көптен бері платформада жалған аккаунттар бар екеніне шағымданған, деп жазды Sky News.
Ол жазылу бағасы қанша болатынын нақтыламады, қосымша мүмкіндіктер туралы да ештеңе айтқан жоқ.
X қазірдің өзінде пайдаланушыларды тексеретін, ұзақ хабарламалар жазуға және өңдеуге мүмкіндік беретін ай сайынғы премиум жазылымын ұсынып отыр.
Әлеуметтік желі Bluesky және Mastodon, сондай-ақ Meta-дан Threads бәсекелестігінің артуына қарамастан танымал болып қала береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript