Ресейде жаппай шабуылға ұшыраған 6 мыңнан астам сайт уақытша бұғатталды

Сайт, Ресей, жаппай шабуыл, хакер, уақытша бұғаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 21:19 Сурет: pixabay
Роскомнадзордың баспасөз қызметі Интернеттің ресейлік сегментінде жаппай шабуыл болғанын, соның салдарынан бірнеше мың ресурс уақытша бұғаттаулы күйде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ixbt.com-ның хабарлауынша, Роскомнадзорға қарасты Жалпыға ортақ пайдаланылатын байланыс желісін мониторингілеу және басқару орталығына Компьютерлік оқиғалар жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығынан Рунетте "бұзып кеткен" сайттарды бұғаттау жайлы сұраныс түскен. Олар бірлесе отырып, вирус енген 6 мың сайтты ашуды уақытша шектеді.

Роскомнадзор CMS-тің (сайтты басқару жүйесі) ескірген нұсқалары жаппай шабуылға ұшырағанын жеткізді. Сайттарға кіре отырып, қаскөйлер мемлекеттік, көлік, банк, энергетика және басқа секторлардың инфрақұрылымына DDoS шабуылдар жасады. Сонымен қатар, бұзған сайттарды олар пайдаланушылардың жеке деректерін заңсыз алу үшін қолданған.

"Енді "сынып қалған" ресурстар "ескірген әкімшілігі" бойынша бұғатталды, олар олқылықты жойғанға дейін бұғаттауда болады және "Рунеттің қалған бөлігіне қауіп төндірмейді". Мәселені жою үшін ведомство "сынған" сайттар үшін хостинг қызметтерін ұсынатын 17 ұйымды іске қосты, сондай-ақ операторлар мен хостинг-провайдерлерге кілтипанды жою бойынша ұсынымдар жолданды", делінген хабарламада.

Роскомнадзор қазіргі уақытта ресурстардың жартысынан көбі олқылығын түзеп, бұғаттан кезек-кезек босап жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Ресейде WhatsApp-ты бұғаттап тастауы мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: