Ертегі айтып береді: ChatGPT-дің мүмкіндіктері артып келеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 10:20 Сурет: zakon.kz
ChatGPT-тің жаңа мүмкіндігі енді ұйықтар алдында ертегі айтып, дастархан басындағы дау-дамайды шешеді әрі пайдаланушы енгізген мәтінді дауыстап айтып бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мүмкіндіктер жасанды интеллект чат-ботын Apple Siri және Amazon Alexa сияқты танымал дауыс көмекшілеріне жақындата түседі.

OpenAI компаниясының ChatGPT чатботының жаңаруы оған пайдаланушылармен сөйлесуге және суреттер арқылы олармен өзара қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді, деп жазды The Guardian.

OpenAI өкілдерінің мәлімдеуінше, осы функцияға қол жеткізуге себепші болған технологияны Spotify подкасттарды әртүрлі тілге аударуда пайдаланып жүр.

Чат-боттың жаңа мүмкіндігінің арқасында пайдаланушылар қоршаған ортаны суретке түсіріп, чатботтан "гриль неге қосылмай жатқанын анықтауды, тамақтану жоспарын жасау үшін тоңазытқыштың мазмұнын тексеруді немесе жұмысқа қатысты деректерді алу үшін күрделі кестені талдауды сұрай алады".

ChatGPT-дің жаңа мүмкіндіктері алдағы екі аптада Plus және Enterprise жоспары жазылушыларына қолжетімді болады. Siri, Google дауыстық көмекшісі және Amazon компаниясының Alexa сияқты жасанды интеллект қызметтері олар жұмыс істейтін құрылғылармен біріктірілген әрі оятқыш, еске салғыш ретінде және интернеттен ақпарат алуда жиі қолданылады.

Өткен жылы енгізілгеннен бері ChatGPT-ді компаниялар құжаттарды конспектілеуден бастап компьютерлік код жазуға дейін кең ауқымды тапсырмаларды орындауға пайдаланып келеді. Бұл ірі технологиялық компаниялар арасында өзінің генеративті жасанды интеллект негізінде жеке ұсыныстарын шығарумен жарысуға себепкер болды.

Google жақын арада Gemini деп аталатын чатбот шығаруды жоспарлап отыр, оны қазірдің өзінде шағын компаниялар тобы сынап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: