Смартфон экраны тез күйіп кетпеуі үшін не істеу керек

Смартфон, смартфон дисплейі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 10:26 Сурет: pixabay
Дисплей күйіп кеткенде, онда жолақтар, статикалық белгішелер және қара дақтар қалады. Смартфон дисплейі ұзақ жұмыс істеп тұруы үшін не істеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын Zakon.kz сайтынан оқыңыз.

Бір контент ұзақ уақыт көрсетілсе, дисплей күйіп кетуі мүмкін. Мысалы, кейбір логотиптер, статикалық кескіндер, интерфейс элементтері. Бірақ мұны болдырмаудың жолдары бар, деп жазды Ferra порталы.

Түсқағаздар мен экран суретін өзгертіп отырыңыз Экран пикселдері бірдей конфигурацияда болмауы үшін оны жиі ауыстырып тұру керек.

Қолданбалар мен интерфейстерге алма-кезек кіру. Смартфоныңызда әртүрлі қолданбалар мен функцияларды қолдануға тырысыңыз.

Экранды автоматты түрде өшетін етіп орнатыңыз. Оның үстіне, ол тез қшіп қалатындай болуы. Осылайша, статикалық интерфейс элементтері ұзақ уақыт бойы көрсетілмейді.

Экранның жарығын барынша қоспау. Бұл пикселдерді тоздырмайды және көзіңізге пайдалы.

Күйіп кетудің алдын алатын мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Смартфоныңызда ондай функциялар болса, әрине. 

Смартфонды ауық-ауық өшіріп тұрыңыз. Сонда экраныңыз ұзақ қосулы болмайды.

Экран мазмұнын өзгертіп отырыңыз. Мысалы, таңбашалар мен виджеттерді ауыстыруға немесе бетті айналдыруға болады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: