Ғалымдар жасанды интеллектке Везувий атқылаған кезде өртенген көне шиыршықтағы жазуды оқытты

Везувий жанартауы, көне жазу, жасанды интеллект, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 10:27 Сурет: University of Kentucky
Кентукки университетінің ғалымдары біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауы атқылаған кезде өртенген папирустардағы жазудың мазмұнын білу үшін жасанды интеллектке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанартау атқылаған кезде виллалардың біріндегі кітапхананы өрт шалып, жүздеген көне шиыршықтар өртеніп кетті. Апат шиыршықтарды біржола жойып жібергендей болған, бірақ 2000 жылға жуық уақыттан кейін зерттеушілер жасанды интеллектің көмегімен шиыршықтағы мәтіндердің бірінен бірінші сөзді шығарып алды, деп жазды The Guardian.

Бұл жаңалықты бейсенб күні профессор Брент Силз пен зерттеушілер тобы мәлімдеп, шиыршықтардың біріндегі қалпына келтірілген алғашқы мәтінді жариялады.

Везувий жанартауы, көне жазу, жасанды интеллект, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 10:27

Сурет: University of Kentucky

Бұл шиыршықтар – Париждегі Франция институтының коллекциясына жатады және вилла кітапханасынан табылған жүздеген шиыршықтардың бір. Ал вилла Римнің жоғары дәрежелі мемлекет қайраткеріне, тіпті Юлий Цезарьдың қайын атасы Люций Кальпурний Пизон Кесонинге тиесілі боллуы мүмкін.

Қазір шиыршықтағы 10 әріптен тұратын үш жолды оқуға мүмкіндік туды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: