АҚШ-тың беделді басылымы ChatGPT-тың үстінен сотқа шағым түсірді

ChatGPT, авторлық құқық, The New York Times, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 18:48 Сурет: pixabay
Америкалық ең ықпалды басылымдардың бірі - The New York Times жасанды зерде ChatGPT-ты құрушы Microsoft пен OpenAI компанияларына қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметінше, The New York Times жасанды зердені жасаушыларды авторлық құқықты бұзды деп айыптайды. Мысалы, ChatGPT-ты америкалық газеттегі мақалаларды оқыту есебінен дайындаған.

Шағым Манхэттеннің федералды сотына келіп түсті. Онда ChatGPT әртүрлі көздерден алынған көптеген мақалаларды "оқығанымен", тілдік модельді жаттықтыру кезінде The New York Times басылымына ерекше назар аударылғаны айтылған. Басылымның пікірінше, ол журналистік сапалы материалдар әзірлеуде газеттегі түпнұсқаны рұқсатсыз және ешқандай төлемсіз пайдаланғанады.

The New York Times ChatGPT-ты жасаушылар ботты оқытуда гатеттің жаңалықтарын, маңызды журналистік зерттеулерді, авторлық бағандарды, шолуларды және басқа да көптеген мақаланы пайдаланғанын айтады.

Айта кетсек, қыркүйек айында бір топ америкалық жазушылар, соның ішінде "Тақтар ойыны" кітабының авторы Джордж Мартин өз романын заңсыз пайдаланғаны үшін OpenAI-дің үстінен арызданған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: