Алматының Әуезов ауданында жастар тобына арналған орталық ашылды

Алматының Әуезов ауданында жастар тобына арналған орталық ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2024 17:28 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Әуезов ауданының Мамыр-1 шағын ауданында жаңа комьюнити орталық ашылды. Бұл жер жастар бас қосатын ортаға айналады деп жоспарланған. Ауданда 14-35 жас аралығындағы 102 мың адам тұрады. Ал оның 7,8%-ы – NEET санатындағы жастар.

Әкімдіктің хабарлауынша, комьюнити орталықта білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді. Жастар білікті психологиялық және заң көмегін алып, жұмысқа орналасу үшін көмек сұрай алады. Онда резиденттер үшін барлық қызмет тегін.

Комьюнити орталықтарды дамыту жөніндегі жоба – Қазақстанда жалғыз. 8 комьюнити орталық жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді. 2025 жылға қарай мегаполисте 16 комьюнити орталық болады.


"Бізге кері байланыс қажет: барлық білім беру және біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеу керек десеңіздер, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: