Алматылық дәрігерлер ұйқы артериясындағы тромбты сәтті алып тастады

Алматылық дәрігерлер ұйқы артериясындағы тромбты сәтті алып тастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 20:46 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі
Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасының тамырлық нейрохирургтар ми тамырларына күрделі нейрохирургиялық араласуды сәтті орындады.

Ишемиялық инсульт кезінде жаңа операциялық жүйені қолдану арқылы 65 жастағы зейнеткерге шебер операция жасалды.

"Пациент оң жақ ортаңғы ми артериясының бассейнінде ишемиялық инсульттің клиникалық-неврологиялық симптоматикасымен қабылданды: сол жақ гемипарез, сол жақтағы бет бұлшықеттерінің орталық парезі, сөйлеудің бұзылуы - дизартрия. Аурудың басталу уақыты 1 сағат. Шұғыл түрде операция - селективті церебралдық ангиография жүргізілді, онда офтальмиялық сегмент деңгейінде оң жақ ішкі ұйқы артериясының жіті окклюзиясының (тромбоз/тромбоэмболия) көрінісі анықталды",- дейді Алматы №7 ККА тамырлық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рауан Кастей.

Маман атап өткендей, тромб ауыр зардаптарға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Әрі қарай бұрын қолданылған ACE62 орнына ауруханада жаңадан енгізілген RED72 аспирациялық катетерін қолдана отырып, оң жақ ішкі ұйқы артериясынан тромбтың рентгенендоваскулярлық механикалық тромбаспирациясы жүргізілді. Нейрохирургтың айтуынша, жаңа катетердің артықшылығы: тромбты алып тастаудың ең жоғары күшін қамтамасыз ететін үлкейтілген ішкі саңылау, баяу бақылау және барынша дисталды өту үшін жақсартылған гидрофилді жабын және жиынтықта қажетті нәтижеге қол жеткізу.

Бұл енгізу пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету сапасын жаңа деңгейге көтерді. Операция сәтті өтті, асқынулар мен рецидивтер болған жоқ. Жүргізілген бақылау ангиограммасы оң жақ ортаңғы ми артериясы мен оң жақ алдыңғы ми артериясының бассейндерінде қан айналымының толық қалпына келуін растады. Ми тамырларының уақытылы анықталған қауіпті патологиясы және сәтті орындалған шұғыл операция пациенттің өмірін сақтап қана қоймай, өмір сапасын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.


"Кәсіби мамандардың тәжірибелі командасының болуы: невропатологтар, нейрохирургтар, анестезиолог-реаниматологтар және мейіргерлер өміріне қауіп төнген тағы бір пациенттің өмірін сақтап қалу мен қалпына келтірудің бақытты тарихын қамтамасыз етті", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: