Ұлыбританиялық азамат Neo Nomad визасының алғашқы иегері атанды

Виза, Ұлыбританиялық азамат, Neo Nomad  , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 18:59 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Энергетика және қаржы саласында тәжірибесі бар Ұлыбритания азаматы Сертач Йенер Neo Nomad визасын алғашқылардың бірі болып алды. Ол Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және тағамдарымен жақынырақ танысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сертач Йенердің қызы Чикаго университетінде "Қазақ тілі және Орталық Азия зерттеулері" мамандығы бойынша білім алған. Сондықтан ол қазақ тілін бұрыннан жақсы біледі.

Neo Nomad Visa визасы алғаш рет Қазақстанның БАӘ елшілігінде берілді. Визаны алған Сертач Йенер жуырда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол бұрыннан Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, музыкасы және асханасымен танысуды армандаған.


"Қазақстан – керемет ел! Neo Nomad визасы бізге Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл виза менің шетелдегі жұмысымды қашықтан жалғастырып, Қазақстанды тереңірек танып-білуге жол ашады", – деді ол.

Сертач Йенер – энергетика саласының маманы. Қазіргі таңда ол АҚШ-та таза энергия жобасын әзірлеумен айналысады.

Айта кетейік, Neo Nomad виза бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт, Сыртқы істер, Цифрлық даму, Ішкі істер министрліктерінің және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қатысуымен енгізілді.

Бұл виза шетелдік туристерге мобильді болуға, өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін шетелдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: