Қостанайда мұздан жасалған сырғанақтан 30-ға жуық бала зардап шеккен

Қостанайда мұздан жасалған сырғанақтан 30-ға жуық бала зардап шеккен , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 10:57 Сурет: pixabay
Қостанайда 29 бала жаңа жылға орай арнайы жасалған сырғанақтан зардап шекті. Барлығы дерлік аяқтары мен қолдарынан жарақаттанған, сондай-ақ, арасында денелері көгеріп, милары шайқалғандар да табылды. Тіпті алған жарақаттары салдарынан есінен танып қалғандар да болды.

КТК мәліметінше, зардап шеккендердің алтауы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер мұндай жағдайлардың көп бөлігі ересектердің бақылауы болмағандықтан дейді.

"Бала сырғанап болып жол жиегіне тұра бергенде, артынан келесі бір топ келіп оны қағып кетеді. Осылайша бала құлап, желкесі мұзға тиеді. Бұл жағдайдың 90%-ы. Мұны ересектер де, балалар да байқамауы мүмкін, ол тіпті бес-он минут жатуы да мүмкін. Оның қозғалмай жатқанына біреу-міреу назар аудармайынша осылай жата беруі ықтимал". Қостанай облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінің м. а. Мирас Ержасов

Бұған дейін Қостанай облысында жедел жәрдем көлігінің науқасқа жете алмағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: