Дүкен сөресіндегі тауарды бүлдіріп қойсаңыз, сатушы ақысын талап ете ала ма

дүкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 01:46 Сурет: pixabay
Дүкенге барған адам сөрелерде тұрған тауарларды сындырып немесе бүлдіріп алып жатады. Осы кезде дүкен басшылығы шығынды талап ете ала ма?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, негізі бөлшек сауда шартының нысаны бойынша сатып алу –тауарды ақысын төлеп, чек берілген соң ғана шарт орындалған болып есептеледі. Әлі сатып алмаған тауарды абайсызда бүлдіріп алсаңыз, демек оның ақысын төлемеуге құқыңыз бар. Өйткені тауар дүкенде тұрып, сатып алу-сату шарты жасалмаған кезде оған сатушының өзі жауапты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Мәселен, дүкеннің едені су болып, кенеттен аяғыңыз тайып кеткен соң тауарды қолыңыздан түсіріп алдыңыз және оған зақым келді делік. Мұндай жағдайда су еденді телефоныңыздың видеокамерасына түсіріп алыңыз. Егер сатушы сізден тауардың құнын талап етіп, сотқа арызданса, сізге осы видео дәлел бола алады", - дейді заңгер.

Алайда тауарды әдейі, қасақана бүлдірсеңіз, оның құнын төлеуге міндеттісіз. Себебі сатушы сотқа арызданып, кінәлі екеніңізді дәлелдесе, толық өтеп беруге тура келеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: