Заңгер кеңесі: 18-ге толмаған бала түнде қоқыс тастауға шыға ала ма

Заңгер кеңесі: 18-ге толмаған бала түнде қоқыс тастауға шыға ала ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2023 17:53 Сурет: pixabay
Түнгі уақытта 18 жасқа толмаған баланың қоқыс тастау үшін көшеге шығуына бола ма? Мұны полиция қызметкерлері байқап қалса, шара қолдана ма?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, балаңыз жалғыз өзі түнгі сағат 23:00-ден кейін қоқыстарды шығару үшін көшеге шықса, үй ауласындағы орындықта отырса, тіпті өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция қызметкері себебін анықтауға құқылы. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Мұндай кезде тәртіп сақшылары баланың заңды өкілімен жолығып, мән-жайды анықтауға тиіс. Баланың заңды өкілін табу мүмкін болмаса, онда полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған баланы бөлімшеге алып кетуі  мүмкін. Ол жерде заңды өкілдерін анықтап, сол бөлімшеге шақырады. Заң талаптарына сәйкес  ескерту жасайды.

Мұндай жағдай бір жыл ішінде қайталанса, баланың заңды өкіліне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондықтан баланың сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз көшеде жалғыз өзі жүруге болмайтынын ескеру керек.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: