Жаңалықтар тізбегі
0

Тұңғыш президент күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді

конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 16:46 Фото: пресс-служба акимата Кызылординской области
Бүгін Сыр елінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен жиын «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: өркендеудің 30 жылы» тақырыбын арқау етті.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, Ұлттық ғылым академиясының академигі, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақберген Досманбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, белгілі әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлы, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, Сыр толағайы, ауыр атлетші Илья Ильин, зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және онлайн байланыс арқылы аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 16:46

Фото: пресс-служба акимата Кызылординской области

Аймақ басшысы Сыр халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның даму белесінде Елбасының рөлі мен жаңғыру кезеңіндегі Сыр елінің жетістігін тізбектеп берді.

– Баршаңызды Тәуелсіз еліміздің мәртебелі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Биыл бірлігі бекем, татулығы жарасқан Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Елбасының көшбасшылығы арқасында саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, ұлттық рухы берік, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетті құрдық. Осы жасампаз істерді Елбасының серігі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүйелі түрде жүзеге асыруда. Еліміз тәуелсіздік жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосуда.

«Сыр – Алаштың анасы», бұл – қазақ елінің алғашқы астанасы Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.

конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 16:46

Фото: пресс-служба акимата Кызылординской области

Екіншіден, Отандық ғарыш кеңістігінің өркендеуі. Қызылорда облысы - Қазақстанда ғана емес әлемде ғарыштық кешен орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір.

Үшіншіден, халықаралық сарапшылар тарапынан «Ғасыр жобасы» аталған Арал теңізін сақтап қалу идеясы. Экологиялық апат аймағы ретінде тарап кеткелі тұрған облысымыз Тұңғыш Президентіміздің дана саясатымен Тәуелсіздік тарихында өз орнын сақтап қалды.

Ильин конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 16:46

Фото: пресс-служба акимата Кызылординской области

Төртіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты. Бұл барлық ауданы теміржол мен автокөлік жолының бойында орналасқан Сыр елі үшін ең тиімді инфрақұрылымдық шешім, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Конференцияда Мұрат Бахтиярұлы «Елбасы және ел тәуелсіздігі», Наурызбай Байқадамов «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі», Бақберген Досманбетов «Елбасы – елорда архитекторы», Серік Дүйсенбаев «Тұңғыш Президент және Сыр өңіріндегі дамудың өрелі 30 жылы» тақырыбында баяндама жасап, Ұлт көшбасшысы Ұлы даланың ұлы есімдерінің тікелей жалғасы, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ұлы реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты туралы сөз қозғады.

конференция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 16:46

Фото: пресс-служба акимата Кызылординской области

Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирина Шек «Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы: бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбында баяндама жасаса, Жеңіс Сейдоллаұлы, Мұхтар Ниязов, Илья Ильин мен Талғат Тілес Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолындағы азаматтардың үлесі туралы ой қозғап, жүрекжарды пікірлерін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: