«Меркі – Шу – Бурылбайтал» тас жолының ұзындығы 257 км болатын бөлігінде қозғалыс ашылды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Тұрсынұлы Абдуллинмен бірге аталған жол аумағында болып, атқарылған жұмыстармен танысты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл учаскенің ашылуы автокөлік қозғалысы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, елді мекендер арасындағы жол уақытын едәуір қысқартуға, Шу қаласының көше-жол желісіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры Айжан Туғанованың айтуынша, ұзындығы 62 шақырымды құрайтын «Шу – Хантау» учаскесі жоспардан 6 ай бұрын толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
«Меркі-Шу» 7-90 шақырым және «Хантау – Бурылбайтал» 189-273 шақырым учаскелері бойынша бір бағытта қозғалыс қамтамасыз етілді, 4 көпір бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры Айжан Туғанова
Жалпы жобамен 6 көпір, темір жол арқылы өтетін 3 жол өтпесі, жарықтандырылатын 11 көлік айрығы, 9 жайластырылған демалыс алаңы және барлық елді мекендерде 34 автопавильон салу көзделген.
Жол жұмыстарына 800-ден астам жергілікті тұрғын мен 400-ден астам техника жұмылдырылған.А.Туғанова
Үкімет басшысының қолдауымен келер жылы «Шу – Благовещенка» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін қаражат бөліну мәселесі шешімін тапты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жобалардың маңыздылығын баса айтып, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінің аралығындағы, сонымен қатар көрші Қырғыз Республикасымен транзиттік әлеуетінің өсуін қамтасыз ететіндігін жеткізді.