Жаңалықтар тізбегі
0

Семей әкімдігі 23 млн теңгеге сатып алынған екі шыршаға қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2021 17:39 Сурет: pixabay
Семейліктерді алаңда орнату үшін әкімдік сатып алған екі жаңа шыршаның құны таң қалдырды. Олар Facebook-те бұған қатысты өз наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Семейліктер әкімдік сатып алған шыршалар бағасына татымайтынын айтады, деп хабарлайды Arnapress.

Семей әкімдігінің ТКШ бөліміндегілер жасанды шыршалар Мәскеуден сатып алынғанын жеткізді. Олардың бірінің биіктігі – 19 метр, екіншісі – 18 метр.

Сондай-ақ, әкімдік аталған бағаға шыршалар ғана емес, әшекейлер де енетініне назар аудартады.

Шыршалар келесі әшекейлерден тұрады: орталық алаңдағы шыршаның ұзындығы 200 см "Жұлдыз" тәжі, 10 метрлік жарықдиодты гирлянданың 200 данасы; 47 сантиметрлік "Жұлдыз" ойыншығы − 25 дана, 36 сантиметрлік "Жұлдыз" ойыншығы − 220 дана; 245 жұлдыз тәрізді қуат адаптері. Сонымен қатар, бұл бағаға Мәскеуден алдырту, яғни тасымал шығындары, сондай-ақ шыршаны құру мен салық шығындары кіреді. Семей әкімдігі

Сондай-ақ, қалада құны 10,5 миллион теңге тұратын "Жұлдызды аспан" атты өнер туындысы орнатылды. Кейінірек бес жаңа жылдық шағын сәулет нысандары орнатылады, олардың жалпы құны 20 млн теңгеге жуық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: