Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жолдады
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Бердібек Сапарбаев халықтың алдына шығып, ашық диалогқа дайын екенін айтты.
Кеше Тараз қаласындағы орталық алаңға жиналған халықтың алдына шығып, сабырлыққа шақырып, заңсыздыққа бой алдырмауға, ортақ диалогқа келуге өтініш білдіргенмін. Алайда, өкінішке қарай, бірнеше жүздеген жастар қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев
Соның салдарынан 10-нан астам полиция көлігі аударылып, өртеніп, облыс әкімінің аппаратының ғимараты, орталық аумақтағы (Атшабар) “Каспий банк” бөлімшесі айтарлықтай зардап шеккен.
Әкім қоғамдық тәртіп бұзу заңмен қудаланатынын ескертіп, арандатушыларға ермеуге шақырды.
Заң, тәртіп сақталу керек! Мемлекет мүлігіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу - заңмен қудаланады. Біздің ойымызша, бұзақылық сипаттағы жүздеген жастар қандай да бір топтың айтағына ергендер. Баршаңызды арандатушылыққа бой алдырмауға, іріткі салудан аулақ болуға шақырамын! Қандай да бір заңсыз әрекеттердің барлығы үшін жауап беретіндіктеріңізді қатаң ескертемін!Бердібек Сапарбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript