Алматы ҚР Қарулы күштерінің подполковнигі Сәндібек Қайыровты ақтық сапарға шығарып салды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қаланы қорғау кезінде бандиттердің қолынан қаза тапқан Қарулы күштердің офицері Сәндібек Қайыровпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz
35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Қайыров конституциялық құрылысты ерлікпен қорғап, қаза тапты. Ол әскери қызметшілерді қала әкімдігінің шабуыл жасалған ғимаратынан шығарып үлгерді, бірақ өзі қорғана алмады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның ерлігі әрқашан батылдық пен офицерлік абыройдың, әскери борышты атқарудың үлгісі болады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика алаңында орнатылатын мемориалда қаза тапқан әскери қызметкерлердің, тәртіп сақшыларының есімі мәңгілікке сақталады. Бұл біздің елімізді террористерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін келер ұрпаққа арналады.Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев
Қала әкімі Қайыровтың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ пәтер бөлінетінін хабарлады. Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript