Сағынтаев тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен БАҚ кеңселерін аралады
Бақытжан Сағынтаев бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті. Олар әкімге лаңкестердің шабуылынан кейінгі келтірілген шығын жайлы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 5 қаңтарда бандиттік топтар Республика алаңында орналасқан "Еуразия" бірінші арнасын, Мир және НТК телеарналарын, бірнеше радиостанцияны, Zakon.kz және басқа сайт редакцияларын талқандап, тонаған болатын.
Сурет: Zakon.kz
"Еуразия" бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселёв Zakon.kz тілшісіне болған жайтты баяндап берді.
Оның айтуынша, террористер арнайы дайындалып, оқытылған. Олардың қолдарында қару-жарақ пен техникалық байланыс құралдары болған. Алдымен олар телеарналарды басып алып, эфирге шығуды көздеген. Бірақ БАҚ қызметкерлері оларға мұндай мүмкіндік бермейтінін түсінген кезде айналасының бәрін қирата бастаған.