Алматының зардап шеккен кәсіпкерлері үш айға коммуналдық төлемдерден босатылады
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада 67 млрд теңгеге 1600-ге жуық бизнес субъектісі зардап шеккен. Оның 95%-ын 43 млрд теңге шығын сомасымен ШОБ субъектілері құрады.
Әкімнің айтуынша, Үкімет комиссиясы залалды өтеу тетігін бекітті.
Кәсіпкерлер растайтын құжаттары бар өтінішті infokazakhstan.kz порталы арқылы қарау үшін жіберулері тиіс.
Тетік бойынша – өтеу жоғалған мүліктің құны не оны қалпына келтіру жұмыстарының құны бойынша жүргізілетін болады.
Өтінімдерді қарау және өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін менің орынбасарымның төрағалығымен жеке Комиссия құрылады. Жұмыс «Атамекен» ҰКП-мен, кәсіби қауымдастықтармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілетін болады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев
Әкімдік өз тарапынан ШОБ-ке қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді:
зардап шеккен ШОБ 3 айға коммуналдық шығындардан босатылады.
коммуналдық нысандар бойынша ШОБ жалға беруден 6 ай мерзімге босатылады.
зардап шеккен бизнеске жеңілдіктер бойынша жеке жалға берушілермен келіссөздер жүргізілуде.
Әкім Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасына келесі өзгерістер енгізілетінін хабарлады:
зардап шеккен шағын және орта бизнесті мақсатты қолдау бойынша айналым қаражатын толықтыруға 12 ай мерзімге 2%-бен, кепілге және/немесе «Алматы» ӘКК ішінара кепілдігіне 10 млн теңгеге дейін кредит беру өнімі енгізілетін болады.
өтініштер бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру, сондай-ақ Almaty Finance және Almaty МҚҰ алдында айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату ұсынылады.
қаланың барлық кәсіпкерлерін қолдау үшін несиелеудің ең ұзақ мерзімін жарты жылға, яғни 90 айға дейін ұлғайту, кепілсіз несиелендіру бойынша мөлшерлемені 12%-дан 9%-ға дейін төмендету қарастырылған.