Ренат Айтаев мәжіліс аппаратының жаңа басшысы болып тағайындалды
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.
1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі:
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1998 жылы бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Премьер-министрдің кеңсесінде қызмет атқарды.
2010-2017 жж. – ҚР Премьер-министрі кеңсесі индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі;
2017-2019 жж. – ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР Премьер-министрі кеңсесі бойынша әдеп жөніндегі уәкілі;
2019 жылы ҚР президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.