Ержан Бабақұмаров Орталық коммуникациялар қызметіне басшы болды
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.делінген қаулы мәтінінде
Осылайша мемлекет басшысының өкімімен Руслан Әлішев «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.
Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саясат тарихының оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995-1996 жылдары Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі болып бастаған.
2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болған.
2019 жылдың 5 сәуірінен - 5 шілдесіне дейін – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқарған.
Еске салайық, Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.