Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі:
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
Еңбек өтілі:
2001-2003 жж. — Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
2005-2007 жж. — ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жж. — ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020 ж. — ««Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.
2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.
Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.