Түркістанда 2022 жылы 100 жаңа аялдама орнатылады
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан қаласында биыл қалаішілік орталық көшелерге 100 дана аялдама павильонын орнату жоспарланған. Барлығы тұрғындардың қажеттілігіне қарай орналасатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдегендей, қазіргі таңда аялдамалардың эскиз жобасы әзірленіп жатыр.
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сондай-ақ, шаһар басшысы биыл Түркістан қаласында 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын айтты.
«2021 жылы Түркістан қаласында 15,1 шақырымды құрайтын 11 көше орташа жөндеуден өтті. Бұл жөндеу жұмыстары коммуникациялық жүйелері толығымен аяқталған көшелерде жүзеге асты. Топырақ жолдардың санын азайтып, тас жолдарыдың саны мен сапасын арттыру мақсатында 2021 жылы 158 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас төселді. Сонымен қатар, биыл 29,63 шақырымдық 26 көшеге аяқжол салу жоспарлануда», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Брифингте қала басшысы шаһардағы сенімгерлікке беріліп жатқан ғимараттар жайында да баяндады.
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
«Сенімгерлікке беру деген жекеменшікке беру деген сөз емес. Әкімдік пен жалға алушы арасындағы келісім шарт негізінде белгілі бір уақытқа ғимарат жалға беріледі. Жалға алушы нысанның негізгі мақсатын орындай отырып, ғимаратты күтіп-ұстау жұмыстарын міндетіне алады. Сондай-ақ, шартқа сәйкес ғимаратта түрлі ақылы қызмет көрсетуіне болады. Бұл - ғимарат жұмысын жаңғыртуға және кәсіпкерлікті дамытуға серпін болмақ», - деді қала әкімі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript