Алматыда шамамен 160 мың шаршы метр жерге гүл егіледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыда көпжылдық және біржылдық сәндік өсімдіктерді егу басталды. Гүлмен әсемделетін аумақтың жалпы көлемі – 159 мың шаршы метр. Оның ішінде 26 мың шаршы метр жер көгалдандырылады.
Қалаға раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де сәндік өсімдіктер егілетінін Алматы әкімдігі хабарлады. Жол жиектеріне біржылдық гүлдер егілсе, маусым ішінде гүлдеп болғаннан кейін келесі маусымда өсіп шығатын гүл бадандары қолданылады.
Мамандар баданалы өсімдіктермен қатар, көпжылдық және біржылдық гүлдерді де егеді. Бүгінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыру кезеңмен жүргізіліп жатыр. Олардың қазіргі үлесі 17%, 2023 жылы 60%-ға жеткізу жоспарланған.
Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың декаративтігіне қарай таңдалады. Биыл көпжылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, біржылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін егеді. Ал баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі, – делінген әкімдік хабарламасында.
Биыл суаруды қала бойынша күшейту жоспарланған. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қаланы сәнді көгалдандыруға 400 маман мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript