Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Оразалин тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру барысында Оразалиннің басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматыда ШОБ субъектілерін қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті.
Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97 пайызы қызметін қалпына келтірген. 20 мамырдағы жағдай бойынша 14 082 240 817 теңгеге 1 568 өтінім мақұлданды.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты да білікті маман ретінде танытып, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев
Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығының ақпарат және коммуникация бөлімінің сарапшысы болып бастады.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында сарапшы болып жұмыс істеді.
2010-2012 жылдары – Алматы қаласының өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық департаментінің директоры.
2012-2016 жылдары Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.
2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті.
2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.