Алматы облысында 1 млн 400 мыңға жуық сайлаушы таңдау жасайды
Сурет: Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесінде болып, референдумдағы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы дерек бойынша Алматы облысында 1 392 237 сайлаушы бар. Олар 1053 сайлау учаскесінде дауыс береді деп күтіледі. Ал аймақтағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің дерегінше, референдумға 1074 комиссия тартылған, оның ішінде 21 комиссия аумақтық және 1053 комиссия учаскелік мәртебеге ие. Қазіргі сәтте оларда барлығы 7636 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетуде. Референдум учаскелерінде бақылаушылар да өз міндетерін атқарып жатыр, әзірге облыс аумағында заң бұзу дерегі тіркелген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript