Алматыда екі автобус бағыты ұзартылды
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында «Барлық» базарынан Карьерная көшесі бойымен оңтүстік бағытта №31 және №67 бағыттарын ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімімен есептік кездесуде тұрғындар «Алма сити-5» ЖК көлік қызметін көрсетуді күшейтуді сұрады. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Барлық» базарынан Карьерная көшесі бойымен оңтүстік бағытта №31 және №67 бағыттарын ұзарту туралы шешім қабылданды. Алматы қаласының әкімдігі
Енді «Алма сити-5» тұрғындары қаланың орталық көшелеріне және жақында іске қосылған «Момышұлы» метро станциясына бір автобуспен жете алады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ауданда барлығы 3 жаңа бағытты іске қосу және қолданыстағы бағыттарды күшейту жоспарланған.Алматы қаласының әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript