Алматы әкімі: Хайуанаттар бағымен өзім жекелей айналысамын
Сурет: almatyzoo
Алматы әкімі Ерболат Досаев хайуанаттар бағын дамытуды өз қолына алуға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімінің Медеу ауданының тұрғындарымен болған кездесуінде жануарларды қорғау қоғамының өкілі хайуанаттар бағының ветеринарлық қызметін күшейтуді өтінді.
Алматы хайуанаттар бағымен өзім жекелей айналысамын. Біз оны халықаралық деңгейге дейін көтереміз. Біз өз бизнесмендерімізбен келістік, бір кездері де шақырғанбыз, олар түрлі себептермен кетіп қалды. Ерболат Досаев
Қала әкімі хайуанаттар бағын қайта құрылымдау қажеттігін айтты. Ол қаланың айтулы нысаны болуы тиіс. Сондай-ақ, ветеринарлық қызмет күшейтілетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript