Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да алдағы үш жылда 33 мектеп салынады

Оқу орындарының тапшылығын азайту, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 16:30 Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
ШҚО-да мектеп инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Облыста үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2022-2025 жылдары 33 мектептің құрылысы жүргізілмек. Ағымдағы жылы жеті мектепті, оның ішінде ескірген ғимараттардың орнына төрт мектепті пайдалануға беру белгіленген.

2025 жылға дейін Өскеменнің солжағалау бөлігінде 4330 орындық алты мектептің (19-шы ықшам ауданда 880 орындық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп, «Нұрлы Жол» ықшам ауданында 600 орындық, Спорт кешені ықшам ауданында 1200 орындық, 19-шы ықшам ауданында 1200 орындық, 28-ші ықшам ауданында 300 орындық мектептер, Білім инновация мектебі үшін 150 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп) құрылысы жоспарланған.

Былтыр ШҚО-ның 11 білім беру нысанына 1,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу және 197 мекемеге 2,8 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, оның ішінде Өскеменде 35 мектеп пен 11 балабақша 1 млрд теңгеге жуық қаржыға жөнделді.

Биыл облыстың білім беру мекемелерін жөндеуге 1,7 млрд теңге қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: