Алматыдағы арықтарды роботтар тексереді
Аппаратты жергілікті мамандар құрастырды.
Дөңгелектің көмегімен жылжитын кішігірім робот қиын жерлерден оңай өтіп, сол жердегі бейнені тікелей арнайы мониторға шығарады. Аппарат телеметрия мәліметтерін иілу бұрышы мен тік күйінде де көрсетеді. Құрылғының көмегімен ластану деңгейін, құбырдағы коррозия, жарылу және т.б. ақауларды анықтауға болады.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазіргі кезде қала әкімдігі арық желісін қалпына келтіріп, оларды коллекторлармен байланыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар арық желілерінің суару мүмкіндігін де қалпына келтіру қолға алынған. Арық желілерін жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша тиісті жобалау есептеу құжаттамасы әзірленді. Кейбір жерлерде арық желілерін кеңейту жоспарланған. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік қалада тығыз құрылыстың жүргізілуіне байланысты арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде су ағынын бөлу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жылдың соңына дейін 56 су басу аумағында коллектор жүйесін іске қосып, арық желісімен байланыстырып, апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Алматыда су басудың негізгі себебі арық желісінде жауын және еріген қар суын өткізу мүмкіндіктің жоқтығында және коллектор-кәріз жүйесінің нашар болуында. Қолданыстағы коллекторларға көп жылдан бері тиісті қызмет көрсетілмеген.
Қалада барлығы 16 коллектор бар, оның 12-і жарамсыз, төртеуі тек 30%-ға жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және қайта құру жұмыстары басталды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі