Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты үй сүріледі
Сурет: Алматы әкімдігі
Сот шешімі бойынша Шұғыла шағынауданындағы заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты ғимаратты бұзу туралы мәселе көтерілді.
Қала тұрғындарының шағымы негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеру жүргізді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бұзушылықтар анықталды, хаттамалар толтырылды, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Нәтижесінде сот қаулысымен қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы қанағаттандырылды. Алматы қалалық соты құрылысты бұзу туралы шешім қабылдады.
Ғимаратты бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript