Алатау ауданында жаңа автобус бағыттары іске қосылады
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Алатау ауданы тұрғындарының тілегі мен өтініші негізінде 6 маршруттық желі ұзартылып, жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кездесуінде айтылды.
№129 және №132 маршруттар ұзартылды. Олардың әрқайсысында автобус саны ұлғайтылды. Қарасу шағынауданында №35 деген жаңа маршрут ашылды. Ал Мәдениет шағынауданында №24 деген маршрут іске қосылды. Шаңырақ-1 ықшамаудандағы №103 бағыттағы автобустар және Дархан шағынауданындағы №69 автобустар жаңартылды, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
«Теплоэнергетик» бағбандық қоғамы тұрғындарының өтініші бойынша тамыз айының соңына дейін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын жаңа №142 бағыт іске қосылады.
Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша 20 аялдама құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін барлығы 50 аялдама салынады.
Осылайша Алатау өңірінде аялдама жетіспеушілігі мәселесі толық шешімін таппақ, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript