Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде қалды
Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
7 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды" – деп жазылған ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған құжатта .
Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.
Еңбек өтілі:
- 1976-1981 жж. – "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер;
- 1981–1983 жж. – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;
- 1983–1987 жж. – "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;
- 1987–1991 жж. – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
- 1991-1992 жж. – "Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс" трестінің басқарушысы;
- 1992-1993 жж. – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;
- 1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;
- 12.1997-10.1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
- 10.1999-21.12.2000 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
- 21.12.2000-21.11.2001 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасар;
- 21.11.2001-13.06.2003 жж. – Павлодар облысының әкімі;
- 13.06.2003-08.01.2007 жж. – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
- 10.01.2007-17.06.2009 жж. – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;
- 12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;
- 2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;
- 2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript