Екібастұздағы төтенше жағдай режимі алынды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Екібастұздағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 қарашада енгізілген қаладағы төтенше жағдай режимі аяқталды"Екібастұз әкімі Аян Бейсекин
Еске салайық, 27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript