Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі газбен жүретін 300 автобус сатып алмақ

Алматыда жол жүйесі дамиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 11:42 Сурет: Алматы әкімдігі
Дамыған қоғамдық көлік - қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің, жолдағы кептелістерді азайту мен ауа сапасын жақсарту индикаторларының бірі. Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік жүйесін дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімінің айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында бекіткен Даму бағдарламасында автобус паркін жаңарту мен оны экологияландыруды ескере отырып, қоғамдық көлікті дамытуға басымдық беріледі. Осыған байланысты 2023 жылы әкімдік газбен жүретін 300 автобус сатып алмақ.

"Биыл қараша айында сіздер 200 автобусқа 14,2 млрд. теңге қаражат бөлуді қолдадыңыздар. Сонымен бірге троллейбус паркін жаңарту жалғасады – біз 6,4 млрд. теңгеге 100 троллейбус сатып алуды көздеп отырмыз. Осы шаралардың арқасында біз қызметтердің сапасын жақсартып, қоғамдық көлік қозғалысының интервалын азайтамыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ал 2023 жылға қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд. теңге қарастырылған. Осы 30 маршруттағы автобустарды жаңартуға және қосымша 400 бірлікпен нығайтуға мүмкіндік береді, бұл қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсартады.

"Сонымен қатар келесі жылы метрополитен желісін батыс бағытқа қарай салу жалғасады, оған 12,1 млрд. теңге көзделеді. Бұл 2024 жылы қаланың батыс бөлігіндегі 50 мыңнан астам тұрғын үшін қосымша көлік байланысын қамтамасыз етеді. Төле Би көшесін ұзартып салу жалғасады, оның жалпы сомасы - 11,7 млрд. теңге. Жұбанов көшесімен ұзартып салу мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр", - деді Ерболат Досаев.

Бұдан бөлек:

  • 2 көлік жолайрығын аяқтау жоспарланған (Бұқтырма – Құлжа күре жолы, Саин – Мөңке Би көшелері), ол үшін 6,2 млрд. теңге қарастырылған.

  • Алатауда орналасқан әрқайсысы 8 млрд теңгеге бағаланған 2 коммуналдық автобус паркін жобалау аяқталады.

  • Алдағы жылы жол инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінеді. 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолы мен 80 аялдама алаңы реттеліп, 200 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл үшін 20,8 млрд теңге қарастырылған. Соның нәтижесінде келер жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 89%-ға жетеді.

Надо отметить, что в нашем мегаполисе недостаточно развита транспортная инфраструктура в соответствии с передовыми стандартами. Город растет и нужно постоянно улучшать формирование его транспортного каркаса. В проекте бюджета предусмотрено 370 млн. тенге на разработку мастер-плана развития транспортного каркаса города Алматы до 2040 года, с учётом связности между районами города, а также развития Алматинской агломерации.

"Айта кету керек, мегаполистегі көлік инфрақұрылымы озық стандарттарға сай жеткілікті түрде дамымаған. Қала өсіп келеді және оның көліктік шеңберін қалыптастыруды үнемі жетілдіріп отыру қажет. Бюджет жобасында қала аудандары арасындағы байланысты ескере отырып, Алматы қаласының көліктік құрылымын дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеуге, Алматы агломерациясын дамытуға 370 млн бөлінеді".Алматы әкімдігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: