Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Алматы әкімдігі қандай шаралар қабылдайды

Алматыны дамыту туралы әкімдік айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 11:58 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, мемлекет басшысының Алматы экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сай негізгі екпін өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT-секторды және креатив индустрияларды дамытуға бағытталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы индустриялық аймағының II-ші кезеңін дамыту үшін аумақты 189 гектарға кеңейту жоспарланған. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы мақұлдады. Қазір инженерлік инфрақұрылым бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Көктемгі нақтылау кезінде жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 2023-2024 жылдарға 40 млрд. теңге сомасына бюджеттік өтінім беру жоспарланған.

"Қалада шағын және орта индустриялық кәсіпкерлерге арналған өнеркәсіптік парктер белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда 8 өнеркәсіптік парк салынды, тағы 11 өнеркәсіптік парк салынып жатыр, оның ішінде 2023 жылы 3,5 млрд. теңге сомасына 7 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланған. Шығармашылық индустрияларды дамыту үшін 10 млрд теңге сомасында шығармашылық салалар үшін венчурлық қор құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау әрі қала экономикасының драйвері ретінде туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп Түргеннен Қаскелеңге дейінгі Алматы тау кластерін дамытуға жеке инвесторларды тарту шаралары қабылданады.

Жалпы 2023 жылға республикалық және өңірлік бағдарламалар аясында басым бағыттар бойынша 2,6 мыңға жуық жобаны қаржыландыруға 40 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын (МБ – 10,6 млрд, РБ – 29,4 млрд) бөлу жоспарланып отыр. Бұл шаралар экономиканың орташа жылдық өсімін 5,0% қамтамасыз етуге бағытталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: