Жаңалықтар тізбегі
0

Досаев: Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге 13 млрд теңге қажет

Алматы қаласы, Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 14:41 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген қалалық әкімдік ғимаратының жөндеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


Ерболат Досаев Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында отырғанын атап өтті.

"Сонда отырмыз. Басқармалар қаланың жан-жағына шашырап кетті. Алдын-ала 13 миллиард теңге (қалалық әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге қажет - ред.)".Ерболат Досаев

Әкім қаңтар оқиғасының салдарын жою жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

ШОБ субъектілеріне төлемдер аяқталды, сараптамадан өтіп жатқан жеке тұлғалардың өтініштері бойынша әлі де жұмыс жүріп жатыр: екі мүлік иелері бірлестігіне ғимараттың қасбетті бүлінгені үшін және қызмет көрсеткен кейбір ұйымдарға  ақы төленді. Негізінде барлық жұмыс аяқталды. Тек жеке ғимараттар қалды, олар жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек. Ал мемлекет тарапынан біз барлық төлемдерді аяқтадық. Ерболат Досаев

Алматы әкімі қала қауіпсіздігінің жаңа деңгейін қамтамасыз ету үшін биылғы жылы бөлек 17 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтты.

Бұған қоса қала басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл қаңтар айының соңында мемлекет басшысының берген басты тапсырмасына сәйкес бүгінде "қаңтар" оқиғалары кезінде бүлінген инфрақұрылым толығымен қалпына келтірілгенін, қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына шығып, қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейі біршама артқанын айтқан еді.

"Зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңге сомасындағы залал өтелді, оның 95%-ті осы жылдың 1 маусымына дейін төлемдерін алды. Барлық жеке тұлғаларға 613,5 млн. теңге сомасында мүліктік залал төленді".Ерболат Досаев

Ол сонымен қатар Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін адам көп жиналатын орындарға 3 050 бейнекамера орнатылатынын мәлімдеді. Жалпы, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге биыл қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді.

Оның айтуынша, қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, оның аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 2-ші тоқсаны.

Сонымен қатар Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды, оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: