Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан кетті
Сурет: Facebook/mukan.shynggys
Шыңғыс Мұқан басқа қызметке ауысуына байланысты Шымкент әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан кетті. Ол бұл туралы Facebook-те жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, бұл шешім бір күнде қабылданбаған. Ал алдағы уақытта ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақшы.
"Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін. Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде әрине Қаңтардың орыны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп жетілді. Бірге қызметтес болған әріптестер мен ұжымға бек рақмет! Әзірше ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақпын. Асылы, мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады"Шыңғыс Мұқан
Айта кетейік, Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің бірінші орынбасары лауазымына 2020 жылғы 29 шілдеде тағайындалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript