Сағындық Телібаев Алматы мобильділік басқармасының басшысы болды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің өкімі бойынша қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағындық Телібаев Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2007 жылдары "Алматыметроқұрылыс" АҚ күрделі құрылыс бөлімінде тау-техникалық инженер, "Алматының салынып жатқан метрополитені дирекциясы" ШЖҚ МҚК күрделі құрылыс бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеген.
2011-2013 жылдары Алматының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары осы басқармада жолаушылар тасымалы бөліміің басшысы болған.
2016-2019 жылдар аралығында жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары,
2019-2020 жылдары осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары ШЖҚ "Метрополитен" КМК директоры болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript