Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды
Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды 6 қаңтар күні сағат 15:00-де Қызылорда облысы полиция департаменті Арал аудандық полиция бөліміне 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.
Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2 бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.