Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

Серік Батырғожинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 00:41 Cурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов апараттық кеңесте өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан тағайындалған Серік Батырғожинов өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестициялар, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және туризм салаларына жетекшілік ететін болады.

"Облыс әкімі бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейрам Өтешовке еңбегі үшін алғысын білдіріп, Серік Батырғожиновке жұмыста табыс тіледі және негізгі басымдықтарды атап өтті", - делінген хабарламада.

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданының "Голубовский" совхозында жұмысшы болып бастаған. Жоғары білім алған соң, 1990 жылы совхоздың бас агрономы болды. 1993-1999 жылдары Павлодар қаласындағы "Себат" ЖШС директоры болып жұмыс істеді, "Беловодское АҚБ" АҚ, "Иса Байзақов атындағы" және Ертіс ауданының "Алтыншы ауыл" ЖШС АС басқарды.

1999 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Качир ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан 2003 жылдың желтоқсанына дейін Качир ауданын басқарды. 2004 жылдың қаңтарынан 2011 жылға дейін Ертіс ауданының "Аманкөл" ШҚ басшысының кеңесшісі қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары Ертіс ауданындағы "Нұрби" ЖШС директоры болды. 2013 жылдың қыркүйегінде Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып мемлекеттік қызметке оралды. 2014-2016 жылдары - Ақтоғай ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары-Ертіс ауданының әкімі болып қызмет етті. 2019 жылы "Стальмонтаж" ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылы Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды, 2021 жылы Тереңкөл ауданының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы тағайындауға дейін Баянауыл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: