Досаев Саин көшесін ашу қашан аяқталатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Саин көшесін ашып, Мөңке би көшесіне көлік айрығын салуды 2023 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әкім Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
"Соның арқасында қаланың басты көшелерінің, соның ішінде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің, аудан көшелерінің көлік жүктемесі айтарлықтай төмендейді".Ерболат Досаев
Оның айтуынша, Алғабас және Шаңырақ-1 ықшамаудандағы 40,5 шақырым жаңа жолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Ал үшінші тоқсанда (су құбыры және кәріз желілерін тарту аяқталған соң) Шапағат шағынауданында 4,8 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталады.
2023 жылы ұзындығы 38 шақырым болатын 50 көшеге орташа жөндеу жасалады.
2022 жылы Алатау ауданында ұзындығы 42 шақырым 53 көшенің жолы жөнделеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript