Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Сайран су қоймасы алғаш рет тазаланып жатыр

Сайран су қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 00:41 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүргізіліп жатыр.  Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұрындары су қоймасының түбін тазарту  жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған. 

Механикалық тазарту жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

"Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы - 162 мың шаршы метр. Ал тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналысады. 2023 жылдың сәуір айында  осыған ұқсас  тазарту жұмыстарын  Әуежай және Қарасу өзендерінде де жүргізу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: