Жаңалықтар тізбегі
0

Орта Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумында Түркістан декларациясы қабылданды

Орта Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 18:30 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10 ақпанда Түркістанда өткен Орта Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумында Түркістан декларациясы қабылданды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Парламент жетекшілері қолдау білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Декларацияда аталған форумға қатысушы мемлекеттер - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы өз Парламенттері атынан 14 бағыт бойынша өз ұстанымдарын білдірді. Атап айтқанда:

1. Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жан-жақты әріптестікті қолдау үшін парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуды қолдаймыз.

2. Орталық Азия өңірін дамыту, өркендету және орнықты дамыту мақсатында екіжақты және көпжақты іс-шаралар өткізу, парламенттік делегациялардың өзара сапарларын жүзеге асыру арқылы парламентаралық ынтымақтастықты кешенді дамытуға бейілділікті растаймыз.

3. Орталық Азия мемлекеттерінің заңнамаларын жетілдіру процесінде жалпы өңірлік мүдделерді ескере отырып, тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігімізді білдіреміз.

4. Парламенттер арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында заң шығарушы органдардың ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссиялары, достық топтары, бейінді комитеттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтеміз.

5. Парламенттердің экономикалық, әлеуметтік, су-энергетикалық, көліктік, логистикалық, туристік және мәдени-ізгілік әлеуеттерді жан-жақты дамыту, сондай-ақ орталық азия өңірі мемлекеттері халықтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру үшін құқықтық негіз құрудағы сындарлы рөлін атап көрсетеміз.

6. Өңіраралық, шекара маңындағы ынтымақтастықты кеңейту және трансшекаралық туристік маршруттарды дамытуға жәрдемдесу мақсатында өңір мемлекеттерінің жергілікті өкілді органдары арасында тығыз байланыстар орнатуды жақтаймыз.

7. Парламентшілердің төмен көміртекті экономиканы құруға, климаттың өзгеруімен күреске, қоршаған ортаны қорғауға, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға, энергетикалық және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған салаларда халықаралық жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге қосқан үлесін арттыру қажеттігін атап көрсетеміз.

8. Парламенттердің халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, заңсыз көші-қонға, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және есірткі трафигіне қарсы күресте өңір елдерінің одан әрі өзара іс-қимылы үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасауға әзірлігін білдіреміз.

9. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму жөніндегі күн тәртібін іске асыру мақсатында заң шығарушы органдардың күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын растаймыз.

10. Өңір мемлекеттерінің білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен бастамаларды қолдауға бағытталған парламентаралық байланыстарын одан әрі кеңейтуді қолдаймыз.

11. Орталық Азия мемлекеттері әйелдерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен жағдайын жақсартуға бағытталған заңнаманы жетілдіру жөніндегі өзара іс-қимылды жалғастырудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап көрсетеміз.

12. Орталық Азиядағы бауырлас халықтардың ортақ мәдени мұралары мен рухани құндылықтары негізінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетудегі Парламенттің рөлін атап көрсетеміз.

13. Түркістан қаласында парламентшілердің көпжақты тікелей диалогын дамытуға және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал еткен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумын ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына алғыс білдіреміз.

14. Көпжақты парламентаралық диалогтың қажеттілігін растаған және болашақта осы форматта тұрақты кездесулер өткізуге негіз болған Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумының қорытындыларына қанағаттанушылық танытамыз және оның маңыздылығын атап көрсетеміз.


Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 18:30

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 18:30

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: