Қарағандыда бір көшенің бойындағы үйлерді су басты
КТК телеарнасының хабарына қарағанда, коммуналдық апат таңсәріде болған. Тозығы жеткен үлкен құбыр жарылып, жақын маңдағы үйлердің ауласы суға толды.
Жайылған су ұйқыда жатқан тұрғындардың баспанасын басып қалды. Үйдің едені көтеріліп, тұрмыстық техника су астында қалған.
"Таң ата жарықты қоссам, бөлмелерді су басыпты. Мұздатқыш еріді ме деп қалдым. Анығырақ қарасам, барлық бөлмеде су көтеріліп жатыр. Не істерімді білмей қалдым. Судың астында қалып қойсақ не болар еді? Масқара емес пе?!" Қарағанды тұрғыны Лидия Кисилева
Мамандар апат болған орында суды бірнеше сағат тоқтата алмай әбігерге түсті. Бұл аумақтағы су құбыры бұған дейін де 15 рет жарылыпты.
Тұрғындар құбыр толық жаңартылуы керек екенін бірнеше рет айтқан. Ал мекеме тозығы жеткен құбырды "биыл ауыстыру жоспарға енді" дейді.
"Жағалау көшесінде апаттан құтқаруды Михайлов сумен жабдықтау бригадасы мамандары жүргізіп жатыр. Биыл жазда 800 метр құбыр ауыстырылады. Тұрғындарға құқығы бойынша шығыны өтеледі". "Қарағанды су" ЖШС бөлім меңгерушісі Ольга Осипчук
Су басқан үйлердегі шығын көлемі әзірше белгісіз. Коммуналдық мекемедегілер мұны тұрғындардың өзі есептеп алуы керек деген. Сотта дәлелдесе, өтемақы төлеуге әзір екен.