Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмысы қашан аяқталады
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қала басшысы Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын атап өтті. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ ол ақпанда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы шығатынын айтты.
"Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. 2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 км жол және Ақжар, Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 км тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Биыл 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді".Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев
19 ақпанда Алматы қаласында кейбір көшелер ішінара жабылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript