Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістандық әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен шықты

Түркістан облысы, Наурыз, ұлттық киім, мемлекеттік қызметші, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:25 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр.

15 наурызға "Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі" деп айдар тағылып, барлық аудан, қалада әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.

Түркістан облысы, мемқызметшілер, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастап берді.

Түркістан облысы, ұлттық киім, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әріптестерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаған өңір басшысы облыс әкімі аппаратының кезекті отырысын өткізді.

"Сіздерді ұлттық киімде көріп көңілім көтеріліп кетті. Ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсетеді. Мәдениетіміз бен дәстүрімізді қолдаған жөн. Наурыз жақсылығымен келіп, халқымыздың берекесі арта берсін", – деген Дархан Сатыбалды күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тапсырмалар берді.

Облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан, қала әкімдері мен әкімдік ұжымдары да жұмысқа ұлттық киіммен келіп, бастамаға қолдау көрсетті.

Түркістан облысы, Наурыз, ұлттық киім, мемлекеттік қызметші, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Наурыз, мемлекеттік қызметші, ұлттық киім, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері алдағы уақытта да ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: