Астанада Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады
Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу және реконструкциялау" жобасын іске асыруда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.
Осыған байланысты осы жылдың 25 наурызы мен 10 сәуірі аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Өзгертілген қозғалыс схемасымен суреттен таныс бола аласыздар.
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.